Мұрат Мұханов Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы тағайындалды. Президенттің Жарлығымен бұл қызметке Мұрат Мұханов келді.

Оған дейін Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарған. Оның кандидатурасын Құрылтайдың бейінді комитеті алдын ала мақұлдаған.

Мұрат Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Көкшетау техникалық институтын және Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін тәмамдаған.

Төтенше жағдайлар жүйесіндегі еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Сол жылы Маңғыстау облысындағы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген.

2006-2023 жылдары Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде түрлі қызметтер атқарды.

2023-2024 жылдары ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары міндетін уақытша атқарды. 2024 жылғы сәуірде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып тағайындалды.

2026 жылғы маусымнан бастап Төтенше жағдайлар министрлігінің аппаратын басқарды.

Мұрат Мұханов министр лауазымында 2024 жылғы ақпаннан бері ведомствоны басқарған Шыңғыс Арыновты алмастырды.

Еще больше интересного

Тоқаев: Құтқарушылар бес жылда 240 мыңға жуық адамға көмектесті

Бүгін Құтқарушылар күні. Осы мерекеге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды Соңғы бес жылда Қазақстан құтқарушылары...

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...