Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті мәселелерді бірлесіп шешу жолдары талқыланды.

«Мемлекет басшысы өңірлермен қоғамдық кеңестер арқылы берік байланыс орнату міндетін қойды. Бұл бізге жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әр адамның пікірі ескеріліп, әр азамат елдік мәселелерді талқылауға өз үлесін қоса алады. Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу. Алдағы уақытта осындай басқосуларды тұрақты түрде өткіземіз. Ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін өздеріңізбен бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз», – деді Ерлан Қошанов.

Бүгінде Қазақстанда 228 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Оларға 3,5 мыңға жуық адам қатысады. Енді өңірлерден түсетін ұсыныстарды жүйелеп, өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бірыңғай тетік қалыптастыру ұсынылды.

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестер алдындағы жауапкершілігін арттыру, маңызды шешімдерді алдын ала қоғамдық сараптамадан өткізу және халықтың ұсыныстарын нақты іске асыру мәселелері көтерілді.

Еще больше интересного

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...

Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті. Отырыста...

Қазақстан мен Италия сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

Римде Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары...