2029 жылға дейін Ұлттық қордан инфрақұрылымға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Қазақстанда 2029 жылдың соңына дейін инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бағыттау жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында мәлімдеді.

Қаражат әлеуметтік нысандар салуға, көлік желісін дамытуға және өңірлердегі инженерлік инфрақұрылымды жаңартуға жұмсалады.

Президенттің тапсырмасымен Үкімет инфрақұрылымды жаңғыртудың ауқымды жоспарын әзірлеп жатыр. Биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айында әлеуметтік жобаларды іске қосуға 1,5 трлн теңге қарастырылған.

Тоқаевтың айтуынша, Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, биыл Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 400 млрд долларға жетеді. Ал жан басына шаққандағы ЖІӨ 19 мың доллардан асады.

Қазір өнеркәсіптің экономикадағы үлесі 14 пайыздан жоғары. Ал елдің алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қор активтерінің жиынтық көлемі 130 млрд доллардан асады.

Еще больше интересного

Қазақстан Халық Кеңесі Жолдаудағы міндеттерді іске асыруды талқылады

Ерлан Қошановтың төрағалығымен Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Президенттің халыққа Жолдауында белгіленген міндеттерді іске...

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

https://youtu.be/Gqp-xAWrzK4

Тоқаев ең төменгі жалақыны 100 мың теңгеге дейін көтеруді...

Мемлекет басшысы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 100 мың теңгеге дейін арттыруды...