
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені экономиканың маңызды тіректерінің бірі саналады. Қазір салада ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу, өндірісті технологиялық жаңғырту және экспорттық әлеуетті арттыру бағытындағы жұмыстар күшейтілуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қатысты: «Агроөнеркәсіп кешенін индустрияландыруды белсенді түрде жалғастыру қажет», – деп атап өткен болатын.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2026 жылғы 30 қазандағы мәліметінше, 2025 жылы өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 35 пайызға өсіп, 3,6 млрд АҚШ долларына жеткен. Сонымен қатар 2029 жылға дейін астықты терең өңдейтін, жылына 5,8 млн тонна шикізат қабылдай алатын алты ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Түркістан және Жамбыл облыстарында екі зауыт пайдалануға берілді





