Сот FlyArystan-ның әрекетін заңсыз деп таныды

Сот Сауда және интеграция министрлігінің FlyArystan компаниясына берген нұсқамасын заңды деп таныды.

Тексеру барысында әуе компаниясының ішкі ережелерінен жолаушылар құқығын шектейтін бірқатар талап анықталған. Атап айтқанда, билет ақшасын қайтаруды шектеу, заңсыз қосымша алымдар алу, тасымалдау шарттарын біржақты өзгерту және компания жауапкершілігін шектеу фактілері тіркелген.

FlyArystan сот арқылы нұсқаманың күшін жоюға тырысқанымен, екі сатыдағы сот та министрлік ұстанымын қолдады.

Министрлік әуе компанияларының ішкі ережелері жолаушылардың заңмен кепілдік берілген құқықтарын шектемеуге тиіс екенін ескертті.

Еще больше интересного

 «ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КРЕДИТТЕУГЕ БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУЫ КЕРЕК»

https://youtu.be/q4wl6Ud4f1k «Бұл жөнінде де ұдайы айтып жүрміз. Әлбетте, оңай шаруа емес. Өйткені банктер – жекеменшік. Осы ретте кредитті шаруаларға...

ӨҢДЕУ СЕКТОРЫ: ӨНДІРІСТІК ТІЗБЕКТЕР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРАДЫ

Қазақстанда өңдеу секторын дамытудың жаңа кезеңі өндірістік кооперацияны кеңейту және отандық кәсіпорындардың технологиялық мүмкіндіктерін арттырумен байланысты. Бұл...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ:  ЖАҺАНДЫҚ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ БЕЛСЕНДІЛІК

Қазақстан халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты кеңейтіп, жаһандық қауіпсіздік пен орнықты даму мәселелеріне белсенді қатысуда. Сыртқы істер министрлігінің 2026...