Көлік вице-министрі пармен ұсталды

Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев пара алды деген күдікпен ұсталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиевтің ұсталған сәтінен жедел түсірілген кадрларды да жариялады. Бейне түсірілімде құқық қорғау органдарының қызметкерлері шенеунікті көшеде тоқтатып жатқанын көруге болады. Одан әрі тергеушілер Аблалиевтің үйіне тінту жүргізіп, үйіндегі вазадан көп көлемде қолма-қол ақша тәркіленеді.

Бұған дейін ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Сатжан Аблалиевтің ұсталғанын растаған болатын. Комитеттің мәліметінше, вице-министр пара алу күдігіне ілініп, сот санкциясымен қамауға алынған. Сатжан Аблалиев 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы автомобиль-жол институтын және Қазақ көлік және коммуникациялар университетін бітірген.
2023 жылдың қазан айынан бері Көлік вице-министрі лауазымын атқарып отыр. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және Автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген. Отандық БАҚ-ң хабарлауынша, вице-министр «78 мың доллар көлемінде пара алды» деген күдікке ілінген. Kozachkov offside арнасы тергеу «автомобиль жолдары комитетіндегі жұмыспен» байланысты деп хабарлады.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен осы жағдайға байланысты ақпарат сұратып едік, жауап жоқ.

Видео: https://t.me/prokadrykz/47914

Тағы оқыңыз...

Әскери оқу-жаттығудағы қаза: бес лауазымды тұлға ұсталды

Каспийдегі «Хазар Қорғаны – 2026» оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты бес лауазымды тұлға ұсталды. Күдіктілер қатарында...

Каспийде іздестіру операциясы жалғасуда

Каспий теңізінің акваториясында тәулік бойы үздіксіз іздестіру-құтқару операциясы жүргізілуде. Іздестіру-құтқару жұмыстарына оқиға орнында тікелей басшылықты Қорғаныс министрі авиация...

Жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 334 өкімімен Қазақстан Республикасында Маңғыстау облысында қызметтік...