
5 қарашадан бастап жаңа Stadler вагондарынан жасақталған пойыздарға билет сатыла бастайды. Алғашқы рейстер Астанадан Алматыға 11 қарашада, Семейге 13 қарашада жолға шығады,-деп хабарлайды ҚТЖ.
Жаңа вагондарда купе – 40, плацкарт – 56 орын қарастырылған. Әр орын жарық шамымен, 220 В розеткасымен, USB және USB-C қуаттау ұяшықтарымен жабдықталған. Сондай-ақ ауа температурасын реттеу жүйесі, бейнебақылау және буфет вагондары бар.
Билет: bilet.railways.kz сайтында және теміржол кассаларында





