Аустралиядан келген қонақ Қазақстан туралы әсерімен бөлісті

Алматыдағы YE концертін тамашалау үшін әлемнің әр түкпірінен жанкүйерлер жиналды. Солардың қатарында Аустралиядан келген Дебора Лайт (Deborah Light) та бар. Ол Қазақстанға келудегі әсерімен бөлісті.

Қонақтың сөзінше, Алматыға сапары оған ерекше әсер сыйлаған. Ол Қазақстанның атмосферасына тәнті болып, елде жүргеніне қуанышты екенін жеткізді.

«Біз Қазақстанға YE-ні көру үшін келдік. Біз бұл елді жақсы көреміз және осында болғанымыздың өзіне қуаныштымыз. Қазақстанға келгеніме әлі де сене алмаймын, себебі бұл – таңғажайып ел», – деді Дебора Лайт.

Аустралиялық қонақ концертті де асыға күтіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, YE-нің шығармашылығын тыңдап, концерттің ерекше атмосферасын сезіну үшін Алматыға зор көңіл-күймен келген.

«Мен YE сияқты керемет өнер иесін тыңдайтыныма қуаныштымын. Барлық әндерін тыңдап, ерекше вайбты сезіну үшін позитивті энергияға толып тұрмыз», – деді ол.

Сондай-ақ Дебора Лайт Қазақстанға жылы қабылдауы үшін алғысын білдіріп, Алматыдағы музыкалық кештің бір бөлігі болуға қуанышты екенін жеткізді.

Еще больше интересного

Көпеев Тоқаев туралы не деді?

Мемлекет қайраткері,экс- сенатор Мұхамбет Көпеев Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қызмет атқарған жылдарын еске алды. Оның айтуынша, сол кезеңде қазіргі...

«Бұл – ұят. Бұл – саботаж»: Тоқаев жол сапасына...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жолдардың жағдайын өткір сынға алып, мәселені жылдар бойы шеше алмаған немесе шешуге ниет...

Балалар құқығы: Қазақстан БҰҰ алдында атқарылған жұмысты таныстырды

Женевада БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 101-сессиясында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін орындауы жөніндегі...