БАЛАЛАР КОНТЕНТІ – ҚАУІПСІЗ АҚПАРАТТЫҚ ОРТАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БАСТЫ ТЕТІГІ

Қазақстанда балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапалы ұлттық контентті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі саналады. Бұл бағыттағы жұмыстар балаларды зиянды ақапараттан қорғаумен қатар, олардың танымдық, тәрбиелік және зияткерлік дамуына ықпал ететін заманауи медиакеңістік қалыптастыруға бағытталған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевбалалардың қауіпсізді мен жан-жақты дамуы мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін бірнеше рет атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданған  “Қазақстан балалары” 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында цифрлық қауіпсіздікті күшейту, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын сапалы балалар контентін көбейту және қауіпсіз интернет ортасын қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, бүгінде Қазақстанда 6,9 миллионнан астам бала тұрады, бұл – ел халқының 34 пайызы. Ал Kazakhstan Kids Online зерттеуі балалардың 46%-дан астамы интернетті 5–8 жас аралығында пайдалана бастайтынын, жоғары сынып оқушыларының 95%-дан астамының әлеуметтік желілерде аккаунты бар екенін көрсетті. Бұл балаларға арналған сапалы әрі қауіпсіз медиаконтенттің маңызын айқындай түседі.

Осыған байланысты мемлекет балалардың цифрлық қауіпсіздігін күшейту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Былтыр «Кибернадзор»жүйесі арқылы 44 мыңнан астам заңсыз интернет-ресурс анықталып, олардың басым бөлігі бұғатталды. Сонымен қатар балаларды интернеттегі қауіп-қатерден қорғауға арналған ағартушылық жобалар мен ата-аналық бақылау құралдары кеңінен енгізілуде.

Сапалы балалар контенті – өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыратын маңызды құрал. Сондықтан ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптейтін, білім мен шығармашылықты насихаттайтын отандық медиаконтентті дамыту – балалардың қауіпсіз әрі саналы ақпараттық ортада тәрбиеленуінің негізгі кепілі болып қала береді.

Еще больше интересного

Ұлттық қордан тағы 5 трлн теңге алынады

Қазақстан үкіметі 2027–2029 жылдары Ұлттық қордан бюджетке аударылатын қаражат көлемін ұлғайтты. Қосымша алынатын қаражат 5 трлн теңгені...

Жылыту маусымына бір ай қалды: бірқатар өңірде жөндеу жұмыстары...

Премьер-министр Олжас Бектенов жылу маусымына дайындығы төмен өңірлерді сынады. Үкімет басшысының айтуынша, мемлекет биыл энергетика нысандарын жөндеу мен...

Әлеуметтік күн тәртібі мен еркін үгіт-насихат: байқаушылар Қазақстандағы сайлау...

Бүгін Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды бақылау жөніндегі...