Бектенов мектептердегі бақылауды күшейтті

Қазақстанда мектептердің санитарлық жағдайы мен оқушылардың тамақтану сапасына бақылау күшейтіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов тапсырма берді.

Мектептерде мыңдаған заңбұзушылық анықталған

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, санитарлық мониторинг барысында білім беру ұйымдарына анықталған кемшіліктерді жою үшін 8,4 мың нұсқама берілген. Сондай-ақ мамандар 287 жедел шара қабылдаған.

13 тамыздағы жағдай бойынша нұсқамалардың 82,8%-ы орындалған. Яғни 6961 білім беру нысанындағы заңбұзушылықтар жойылған.

Бектенов балалардың толыққанды дамуы мен сапалы білім алуы қауіпсіз ортаға және мектептердегі сапалы, теңгерімді тамақтануға тікелей байланысты екенін атап өтті.

Премьер-министр Денсаулық сақтау министрлігі мен өңір әкімдіктеріне санитарлық талаптардың сақталуын және мектептердегі тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Еще больше интересного

«Бұл – ұят. Бұл – саботаж»: Тоқаев жол сапасына...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жолдардың жағдайын өткір сынға алып, мәселені жылдар бойы шеше алмаған немесе шешуге ниет...

Балалар құқығы: Қазақстан БҰҰ алдында атқарылған жұмысты таныстырды

Женевада БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 101-сессиясында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін орындауы жөніндегі...

Өрт сөндіру кезінде командир қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіру бөлімінің взвод командирі қаза тапты. Оқиға 3-і қыркүйекте Жәнібек...