Бір үзім нан – ананың ақ тілегі: қазақтың көне ырымының мәні неде?

Этнограф Тұрар Сәттарқызы ұзақ сапарға немесе әскерге аттанған адамның амандығын тілеп жасалатын қазақтың көне ырымдарының бірін айтты. Бұл туралы ол Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында баяндады.

Этнограф 1990 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, Воронеж қаласына аттанған інісін шығарып салған сәтті еске алды. Сол кезде анасы өз қолымен шелпек пісіріп, оның бір бөлігін баласына жегізіп, қалған бөлігін арнайы қалташаға салып, төрге іліп қойған.

«Балам аман-есен келсін деген ниет екен», – деді Тұрар Сәттарқызы.

Оның айтуынша, 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін әскердегі жағдай күрделене түскен. Орталық Азиядан барған сарбаздарға қатысты қиындықтар болып, кейбіріне тамақ та берілмеген. Жігіттер өз күштерімен тәуелсіздік алған елдеріне қайтуға мәжбүр болған.

Сол кезде этнографтың інісі де Қазақстанға қиын жағдайда оралған. Баласы үйге аман-есен жеткенде анасы бір жыл бойы сақтап қойған нанның екінші бөлігін берген.

Тұрар Сәттарқызының сөзінше, мұндай ырым қазақ халқында арасында бұрыннан бар. Ұзақ сапарға немесе әскерге кеткен адамға нанның бір бөлігін беріп, екінші бөлігін үйде сақтау – оның амандығын тілеп, жолын күткен отбасының ниетін білдірген.

«Әр халықтың жадына ұлттық код болып сіңіп кеткен дүниелер бар. Сол дүниелерден біз ажырамауымыз керек. Жалпы дәстүрдің, ырымның өзі ізгі ниеттен жасалады», – деді этнограф.

Этнограф бұл дәстүрдің астарында баласын алыс жолға шығарып салған ананың махаббаты мен ақ тілегі жатқанын атап өтті. Нанның бір бөлігін төрге іліп қою – перзентінің амандығын тілеп, оның оралуын күткен ананың үмітінің белгісі.

Дерек көзі: @adal-adam

Еще больше интересного

Депутат жастарды есірткі бизнесінен қорғау үшін студенттерге тегін тамақ...

Қазақстанда колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін базалық әлеуметтік қолдау пакетімен қамтамасыз ету ұсынылды. Бұл жастарды қылмысқа...

Шот бұғатталса, өмір сүруге ақша қалуы керек

«Ауыл» партиясы фракциясы Ұлттық банкке депутаттық сауал жолдап, банк шоттарына шектеу қойылған азаматтардың өмір сүруіне қажетті қаражатын...

Астанада автотұрақта бес көлік өртенді

Астанада тұрғын үй кешенінің маңындағы ашық автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі...