Депутат этикасы

Құрылтай депутаттары алғашқы жалпы отырысын өткізіп, Регламенттің жаңа жобасын қабылдады. Құрылтайдың кезекті сессиясы жыл сайын қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өтеді. Депутаттарға өңірлерге шығу үшін әр сессияда кемінде екі рет, 10 күнге дейін уақыт беріледі. Енді жалпы отырыс тек сәрсенбі емес, бейсенбі күні де өтіп, тыңдаулар жұма, Үкімет сағаттары дүйсенбіде өтеді.Отырысқа кемінде 97 депутат қатысса, ол заңды деп танылады. Айта кетейік, құрылатй депутатарының саны 145. Құрылтай отырыстары ашық өткізіліп, трансляцияланады. Жаңашылықтың бірі-заң жобалары бұрынғыдай екі оқылым емес, үш оқылымда қаралады. Тек халықаралық шарттарды ратификациялау немесе денонсациялау туралы заңдар екі оқылымда қабылданады. Ал Құрылтай депутаттарына қойылатын талап та күшейтілген. Енді депутат тек мінберде ғана емес, қызметтен тыс уақытта да әдеп талаптарын сақтауға тиіс. Яғни әлеуметтік желідегі жазбаларына да мұқият болуы тиіс. Жаңа Регламент бойынша әріптесін немесе басқа азаматты қорлау, негізсіз айыптау, дөрекі сөз айту, отырыстың қалыпты жұмысына кедергі келтіру – тәртіп бұзушылық саналады.
Депутат Снежанна Имашеваның айтуынша,әдеп бұзған жағдайда ескерту, отырыс барысында сөзден айыру бар. Құрылтай жиналысынан шығарып тастау, түрлі -түрлі жазалар қолданады.Бір күндік жалақысын кесіп тастау жазасы да бар. Өрескел бұзушылық үшін депутаттық мандатын айыру да қарастырылған. Оны партия шешеді.
Құрылатй депутат Дәния Еспаеваның айтуынша, депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 млн-ға дейін барады. Ол мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне байланысты болады. Шамамен депутаттың бір күндік жалақасы 29-48 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, жаңа Регламент депутаттық сауалдардың да жауапкершілігін күшейтеді. Мемлекеттік орган басшысы сауалға бір ай ішінде жауап беруі тиіс. Жауап қанағаттандырмаса, депутат мәселені Құрылтай мінберіне шығарып, лауазымды тұлғаны ашық талқылауға шақыра алады.

Еще больше интересного

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған

Елордада жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі тергеуден өтті. Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ құрамында Арнайы...

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихындағы рөліне тоқталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан азаматтардың...

Қазақстан армиясы реформаланады: әскерге шақырылушылар алты ай оқып, алты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, әскери реформа жоспарын қарады. Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық...