Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026 алғашқы күнінен фоторепортаж

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа жобаға серіктес іздеген медиа өкілдер. 

Бейбітшілік және келісім сарайында таңнан бері қарбалас. Қатысушылар тіркеуден өтіп, сессия залдарына асығып барады. Журналистер спикерлерден пікір алып үлгеруге тырысса, түсірілім топтары тікелей қосылымға дайындалып жатыр.

Фойеде әріптестер жүздесіп, бір-бірінің жұмысын сұрасып, жаңалық бөлісуде. 

Көп ұзамай әңгіме кәсіби мәселелерге ауысады: аудиторияның талғамы қалай өзгерді, жаңа технологияларды жұмыста қалай қолдануға болады, бірлескен қандай жоба жасауға мүмкіндік бар?

Медиаптаға дәстүрлі және цифрлық БАҚ, баспасөз қызметтері, PR саласы, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдері жиналды. Қатысушылардың мақсаты әртүрлі болғанымен, бәріне ортақ мәселе бар — өзгеріп жатқан ақпарат кеңістігінде өз аудиториясымен байланысты сақтау.

Медиаға сенім неден басталады?

Биылғы форумның негізгі тақырыбы — «MEDIA. HUMAN. AI: 10 жылдық трансформация. Сенімнің жаңаархитектурасы».

Алғашқы күнгі талқылауларда жасанды интеллект пен ақпаратқа деген сенім мәселесі қатар қозғалды. Нейрожелі жасаған мәтін мен бейнені шынайыақпараттан қалай ажыратамыз? Технология журналистің жұмысын қаншалықты өзгертеді? Ақпараттарату жылдамдаған сайын оның дұрыстығына кімжауап береді?

Пленарлық сессияда Қазақстанның Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, Meta өкілі Филип Чуа, Q.AI бас директоры Дмитрий Мун, Euronews өкілдері және өзге де сарапшылар бас қосты.

Залда отырғандар спикерлердің сөзін тыңдап, маңызды тұстарын жазып алып жатты. Ал үзіліс кезінде сахнада айтылған ойлар әріптестер арасындағы әңгіменің арқауына айналды.

Сессиядан кейін де жалғасқан әңгіме

Алғашқы күні қатысушылар жасанды интеллектіні қолданудағы жауапкершілік, жастардың цифрлық қауіпсіздігі, Орталық Азиядағы ағылшынтілді медианың дамуы және бірнеше тілде хабар таратудың жаңа құралдарын талқылады.

Ақпараттың шынайылығын сақтау мәселесіне де назар аударылды. Мәтін, сурет пен бейнені санаулы секундта жасауға болатын кезде журналистің деректі тексеруі мен жарияланымға жауапкершілігі бұрынғыдан да өзекті бола түсті.

Форумның тіршілігі залдағы бағдарламамен бірге тоқтаған жоқ. Дәлізде қысқа сұхбаттар жазылып, фойеде таныстықтар жалғасты. Бірі әріптесімен естелік суретке түссе, енді бірі алдағы жобаның жайын талқылап жатты.

Astana Media Week 2026 Астанада 14-16 қазан аралығында өтеді.

Еще больше интересного

Шымкент қаласының полиция департаменті Қайрат Нұртастың концертінде орын алған...

«Концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Адамдардың көптеп жиналуынан концертке келген...

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...