КҚК жұмысы толық тоқтамайды – Энергетика министрлігі

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысы толық тоқтатылады деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомствоның мәліметінше, 31 шілдеде КҚК мұнай құбырының жұмысы уақытша тоқтатылғанымен, жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарлар паркін толтыру жалғасып жатыр.

1 тамыздан бастап мұнай қабылдау көлемі тәулігіне 100 мың тоннаны құрайды. Ал тасымалдау көлемін одан әрі арттыру теңіз терминалында танкерлердің уақытылы тиеуге қойылуына байланысты болады.

Министрлік КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты байланыста екенін, жағдайдың толық бақылауда екенін мәлімдеді.

Еще больше интересного

Блогер Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды

Енді өзбекстандық блогерге іздеу жарияланды. Қазақстанда заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалауға қатысы бар деген күдікпен Өзбекстан азаматы Махмуд Хикматов...

Абай күні

10 тамыз Ұлы Абайдың туған күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады.Президент құттықтауында...

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және...

Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкент қаласында өткен «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының «Заң және тәртіп»...