Министр донорлыққа келісім берді

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донорлыққа беруге келісімін eGov арқылы тіркеді.

Министр бұл шешімді бұрыннан қабылдағанын айтып, донорлық туралы ашық айту маңызды екенін жеткізді.

«Қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келісім беру өмір сүруге мүмкіндігі бар басқа адамға көмектесу», – деп жазды министр.

Қазір Қазақстанда шамамен 184 мың адам eGov арқылы “өмірден өткеннен кейін донорлыққа” өз келісімін берген.

Ал бүгінгі таңда 4867 қазақстандық трансплантацияны күтуде.

Бір адамның шешімі – бірнеше адамның өміріне мүмкіндік беруі мүмкін.

Еще больше интересного

Депутат жастарды есірткі бизнесінен қорғау үшін студенттерге тегін тамақ...

Қазақстанда колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін базалық әлеуметтік қолдау пакетімен қамтамасыз ету ұсынылды. Бұл жастарды қылмысқа...

Шот бұғатталса, өмір сүруге ақша қалуы керек

«Ауыл» партиясы фракциясы Ұлттық банкке депутаттық сауал жолдап, банк шоттарына шектеу қойылған азаматтардың өмір сүруіне қажетті қаражатын...

Астанада автотұрақта бес көлік өртенді

Астанада тұрғын үй кешенінің маңындағы ашық автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі...