Мәселені жұдырықпен емес, заңмен шешу керек-дейді Құрылтай депутаты Аббат Өрісбаев. Ол Ақтаудағы балалар ауруханасында орын алған дәрігер мен баланың әкесі арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірген еді. Ал Ақтауда орын алған келеңсіз жағдай бойынша дәрігерге қол көтерген ер азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алайда қоғамның пікірі екіге жарылды. Баласы үшін шырылдаған әкені жазаламауды сұрап жатқандар да бар. Депутат, бұл мәселе заң аясында шешіледі дейді. Отандық БАҚ-ң ақпаратына сүейнсек, соңғы бес жылда дәрігерлерді соққыға жығудың 280 фактісі тіркелген.Өрісбаевтың айтуынша, сол аураханада ем алған баланы ата-анасы елордалық дәрігерлерге көрсету үшін Астанаға әкелмекші.
Сондай-ақ, Маңғыстау өңірінің депутаты Ақтаудағы балалар аураханасында орын тапшы деп отыр. Онымен қаса өңірде дәрігер де жетпей жатыр. Жолдауда айтылғандай Маңғыстау облысында 350 орындық аурахана құрылысы бой көтерсе, орын тапшылығы шешілер еді. Сондай-ақ, кадр мәселесін де қолға алу керек.





