Полиция қызметкері күйеу баласына оқ атқан

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады. Сот материалдарына сәйкес, 28 наурызда Хромтау аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлар тобының көмекшісі, аға лейтенант Райымбек Қалиуллинов кезекшілікке шығуы тиіс болған. Алайда ол қызмет орнынан кетіп, табельдік Макаров тапаншасын өзімен бірге алып қалған. Кейін үйінде туыстарымен бірге ішімдік ішкен. Сол жерде күйеу баласы Сабыржан Ізбаевтың оның қарындасына күш қолданғанын естігеннен кейін, Қалиуллинов оған төрт рет оқ атқан. Сот материалдарында жәбірленушіге үш оқ тигені, ал төртінші рет атқанда қарудың кептеліп қалғаны көрсетілген.

Жәбірленуші кеуде, өкпе және бауыр тұсынан жарақат алған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалған. Сот отырысында Қалиуллинов жәбірленушіні өлтіру ниеті болмағанын айтып, кінәсін ішінара мойындаған. Ол жанжал кезінде өзіне соққы жасалғанын және қаруды осы жағдайдан кейін қолданғанын мәлімдеген.Жәбірленуші сотта сотталушыға шағымы жоқ екенін айтып, оны кешіретінін жеткізген.

Соған қарамастан сот Қалиуллиновті қасақана адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол полицияның аға лейтенанты атағынан айырылып, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.

Сот сондай-ақ Ақтөбе облысының полиция департаменті бастығы Қайыркен Әлиевке қатысты жеке қаулы шығарды. Қаулыда Хромтау аудандық полиция бөлімінің басшылығы қызметкердің әрекетін тиісінше бақыламағаны көрсетілген. Облыстың бас полицейіне мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау міндеттелді.

Еще больше интересного

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған

Елордада жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі тергеуден өтті. Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ құрамында Арнайы...

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихындағы рөліне тоқталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан азаматтардың...

Қазақстан армиясы реформаланады: әскерге шақырылушылар алты ай оқып, алты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, әскери реформа жоспарын қарады. Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық...