Президент Құрылтай төрағалығына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды

«Жоғарыда атап өттім, жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарын жасақтау жұмысын бастау үшін біз бірқатар рәсімді өткізуіміз керек.
 
Ең алдымен, Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, құрылымын қалыптастыру қажет. Өздеріңізге мәлім, Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасының лауазымына кандидатураны Президент ұсынады.
 
Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын.
 
Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді.
 
Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын»,-деді Тоқаев.

Еще больше интересного

Көпеев Тоқаев туралы не деді?

Мемлекет қайраткері,экс- сенатор Мұхамбет Көпеев Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қызмет атқарған жылдарын еске алды. Оның айтуынша, сол кезеңде қазіргі...

«Бұл – ұят. Бұл – саботаж»: Тоқаев жол сапасына...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жолдардың жағдайын өткір сынға алып, мәселені жылдар бойы шеше алмаған немесе шешуге ниет...

Балалар құқығы: Қазақстан БҰҰ алдында атқарылған жұмысты таныстырды

Женевада БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 101-сессиясында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін орындауы жөніндегі...