Халық Кеңесі қашан жасақталады?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жаңа жоғары консультативтік орган – Халық Кеңесі құрылатынын мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, Халық Кеңесі қыркүйектің екінші жартысында жасақталады. Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган болмақ.

Жаңа құрылым еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстырып, заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады.

«Шын мәнінде, бұл – бірегей орган», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, қысқа уақыт ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, бұл алдағы реформаларға жаңа серпін береді.

Еще больше интересного

Тоқаев: Құтқарушылар бес жылда 240 мыңға жуық адамға көмектесті

Бүгін Құтқарушылар күні. Осы мерекеге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды Соңғы бес жылда Қазақстан құтқарушылары...

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...