1 қыркүйекте гүл сыйлау жарысқа айналмауы керек

1 қыркүйек күні ұстазға гүл сыйлау – көп жылдан бері қалыптасқан жақсы дәстүр. Алайда бұл дәстүр ата-аналар үшін міндетке, жарысқа немесе қосымша шығынға айналмауы тиіс.

Білім беру ұйымдары гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашылық жасамауы, ата-аналардан ақша жинауды ұйымдастырмауы және гүл әкелуді міндеттемеуі керек,-деп ескертеді оқу-ағарту министрлігі.

Ең бастысы – сыйлықтың көлемі немесе бағасы емес, баланың ұстазына деген құрметі. Сондықтан гүл сыйлау әр отбасының ерікті таңдауы болуы қажет.

Мақсат – оқу жылының алғашқы күнін артық даңғазасыз, жылы әрі тәрбиелік мәнде өткізу. Бұл ретте балаларды ұстазды құрметтеуге, қарапайымдылық пен ізгілікке тәрбиелеу маңызды.

Еще больше интересного

Тоқаев: Құтқарушылар бес жылда 240 мыңға жуық адамға көмектесті

Бүгін Құтқарушылар күні. Осы мерекеге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды Соңғы бес жылда Қазақстан құтқарушылары...

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...