Шенді әскерилер қызметінен кетті

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде үш жоғары лауазымды әскери басшы қызметінен босатылды.

Атап айтқанда:

  • Қаныш Әбубәкіров – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әрі Бас штаб бастығы қызметінен;
  • Алмаз Джумакеев – Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен;
  • Қанат Ниязбеков – Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.

Кадрлық өзгерістер әскери ведомстводағы басшылық құрамына қатысты болды. Еске сала кетейік, Каспийдегі қайғылы жағдайда 14 сарбаз қаза болды. Осы оқиғадан кейін Дәурен Қосанов қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Қазір қорғаныс саласында жан-жақты тексеру жүріп жатыр.

Еще больше интересного

Қазақстан армиясы реформаланады: әскерге шақырылушылар алты ай оқып, алты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, әскери реформа жоспарын қарады. Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық...

Астанада есірткі қосылған 238 печенье тәркіленді

Астанада интернет-дүкен арқылы есірткі сатты деген күдікпен 30 жастан асқан бес ер адам ұсталды. Тінту кезінде олардан...

Қазақстаннан 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз шығарылған

ҰҚК мұнай өнімдерін шетелге заңсыз экспорттаған ұйымдасқан топтың қызметін тоқтатты. Тергеу дерегінше, 2019–2023 жылдары Batys Nefte Trade...