Энергетика министрлігі: Алматыға тамыз айына жоспарланған сұйытылған газ толық көлемде бөлінді

Қазақстан Энергетика министрлігі Алматы қаласындағы автогаз құю станцияларын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету жағдайына қатысты түсініктеме берді.

Министрліктің мәліметінше, өңірлерге сұйытылған мұнай газы жергілікті атқарушы органдар ұсынған қажеттілікке сәйкес бөлініп, бекітілген кесте бойынша жөнелтіледі.

Алматы қаласына тамыз айына 6 478 тонна сұйытылған мұнай газы қарастырылған. Бұл көлем қала әкімдігінің өтініміне толық сәйкес келеді және министрлік тарапынан толық қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайға байланысты 4 тамыз күні Алматыға қосымша 1 512 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді. Қосымша көлемді жөнелту өндіруші зауыттармен және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп жедел ұйымдастырылған.

Энергетика министрлігі өңірлерде жанар-жағармай мәселелері бойынша жедел штабтар жұмыс істейтінін еске салды. Олар бөлінген ресурсты қабылдап, автогаз құю станцияларына уақтылы жеткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ газды сатуда үзілістердің алдын алу шараларын қабылдайды.

Ведомство Алматы әкімдігімен, өндіруші зауыттармен және тасымалдаушылармен бірлескен жұмысты жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Еще больше интересного

Ұлттық қордан тағы 5 трлн теңге алынады

Қазақстан үкіметі 2027–2029 жылдары Ұлттық қордан бюджетке аударылатын қаражат көлемін ұлғайтты. Қосымша алынатын қаражат 5 трлн теңгені...

Жылыту маусымына бір ай қалды: бірқатар өңірде жөндеу жұмыстары...

Премьер-министр Олжас Бектенов жылу маусымына дайындығы төмен өңірлерді сынады. Үкімет басшысының айтуынша, мемлекет биыл энергетика нысандарын жөндеу мен...

Әлеуметтік күн тәртібі мен еркін үгіт-насихат: байқаушылар Қазақстандағы сайлау...

Бүгін Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды бақылау жөніндегі...