
ІІМ әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында Түркістан облысының 66 жастағы тұрғыны жариялаған бейнежазбаны анықтады. Ведомствоның мәліметінше, онда діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар мәлімдемелер айтылған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ІІМ Конституцияға сәйкес Қазақстанда барлық азаматтың құқықтары мен бостандықтары тең қорғалатынын еске салып, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, діни немесе әлеуметтік белгілері бойынша кемсітуге бағытталған жария үндеулерге жол берілмейтінін мәлімдеді.
Сондай-ақ министрлік сөз бостандығы жауапкершіліктен босатпайтынын айтып, заң талаптарын бұзу белгілері бар кез келген жария мәлімдемеге құқықтық баға берілетінін атап өтті.





