Энергетика министрлігі: Алматыға тамыз айына жоспарланған сұйытылған газ толық көлемде бөлінді

Қазақстан Энергетика министрлігі Алматы қаласындағы автогаз құю станцияларын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету жағдайына қатысты түсініктеме берді.

Министрліктің мәліметінше, өңірлерге сұйытылған мұнай газы жергілікті атқарушы органдар ұсынған қажеттілікке сәйкес бөлініп, бекітілген кесте бойынша жөнелтіледі.

Алматы қаласына тамыз айына 6 478 тонна сұйытылған мұнай газы қарастырылған. Бұл көлем қала әкімдігінің өтініміне толық сәйкес келеді және министрлік тарапынан толық қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайға байланысты 4 тамыз күні Алматыға қосымша 1 512 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді. Қосымша көлемді жөнелту өндіруші зауыттармен және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп жедел ұйымдастырылған.

Энергетика министрлігі өңірлерде жанар-жағармай мәселелері бойынша жедел штабтар жұмыс істейтінін еске салды. Олар бөлінген ресурсты қабылдап, автогаз құю станцияларына уақтылы жеткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ газды сатуда үзілістердің алдын алу шараларын қабылдайды.

Ведомство Алматы әкімдігімен, өндіруші зауыттармен және тасымалдаушылармен бірлескен жұмысты жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Еще больше интересного

Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі 17% өсті

2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 1,6 млрд литр минералды су мен алкогольсіз сусын өндірілді. Бұл...

Түркістан облысында діни және әлеуметтік араздықты қоздыру дерегі бойынша...

ІІМ әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында Түркістан облысының 66 жастағы тұрғыны жариялаған бейнежазбаны анықтады. Ведомствоның мәліметінше, онда діни...

Партияаралық пікірталас: Respublica ОСДП бастамасына қарсы шықты, ал ҚХП...

Бірі таңғы жүгіруге шықса, енді бірі қоғамдық тыңдау өткізіп, ауыл-аймақты аралап жүр. Ал кей партиялар кәсіпкерлердің мәселелерін...