
Түркістанда ерекше жоба қолға алынып жатыр. Мал өсіріп, кәсібін өрбіткісі келетін шағын шаруалар үшін «Ескі Иқан» мал бордақылау кешені салынған. Кешеннің аумағында 74 отбасына бір типтік үй салынады. Ендігі бірқатар үй бой көтерген. Үйді шаруалар өз қаражатына салады. Әкімдік инфрақұрылымды қамтиды. Ал олардың балаларын қоғамдық көлікпен мектепке тасымалдау ұйымдастырылған. Бүгінгі таңға 39 қораның құрылысы жүріп жатыр. Жоба толық іске асқан жаңдайда 25 мың бас мал бордақыланып, 5 мың тонна ет өндіріледі,-дейді шаруалар.
Кешенде 120 басқа арналған орталықтандырылған мал сою желісі, сыйымдылығы 1000 текше метр құрайтын тоңазытқыш, ветеринариялық-санитарлық зертхана, ветеринарлық дәрігер, бухгалтерлік қызмет көрсетуші және тұтынушыға арналған қонақ үй қарастырылған. Ал сойылған малдың қаны, сүйегі және ішкі ағзалары толықтай арнай цехта қайта өңделіп, балық шаруашылығына арналған қоректік жем азығы дайындалып, балық асырау кешеніне өткізіледі.
«Түркістан ет өнімдері» ЖШС директоры Мамирхан Юлдашевтің айтуынша,шаруалар субсидия алмайды. Оларға үкіметтен арзандатылған несие керек.





