Ипотеканың бастапқы жарнасы 10 пайыз бола ма?

Қазақстанда баспана алуды жеңілдететін жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленіп жатыр. Енді үйдің бастапқы жарнасына пәтер құнының 10 пайызы жеткілікті болуы мүмкін.
Бұл мәселе қазір Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Отбасы банк» арасында пысықталып жатыр.,-деді құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков.

Жаңа тетіктің қаржылық моделі жасалуда. Ал бағдарламаның нақты шарттары келер жылы жарияланбақ.

Бастапқы жарнаны жинай алмай жүрген азаматтар үшін бұл маңызды жаңалық болуы мүмкін. Өйткені қазір баспана алуға ниеттілердің алдында тұрған негізгі кедергінің бірі – алғашқы жарна. Министрлік жаңа механизм арқылы осы талапты төмендетуді көздейді. Алдын ала жоспар бойынша, тұрғын үй құнының 10 пайызын жинаған азамат ипотека рәсімдей алады.

Алайда бұл әзірге дайын бағдарлама емес, талқыланып жатқан ұсыныс. Оның іске қосылуы бюджет мүмкіндігіне, жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайға және қаржы ұйымдарының ресурсына байланысты болмақ.

Бүгінде мемлекет азаматтарды баспанамен қамту үшін жеңілдетілген ипотека, жалдамалы тұрғын үй және пәтерақының бір бөлігін субсидиялау тетіктерін пайдаланып келеді. Енді солардың қатарына бастапқы жарнасы төмен жаңа ипотекалық құрал қосылуы мүмкін.

Дегенмен 10 пайыздық бастапқы жарна туралы жаңалыққа қазірден үміт артуға әлі ерте. Бағдарламаның пайыздық мөлшерлемесі, қатысу талаптары мен несие лимиті әзірге белгісіз. Нақты жауап 2027 жылы белгілі болады.

Еще больше интересного

Боқаев «ҚазТрансГаздан» кеткен соң компания ақшасын игеруге қалай араласты

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевтың ісі бойынша қаржылық және кадрлық құжаттарды зерттеу жалғасып жатыр. Кезекті...

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТІ КҮШЕЮДЕ

Қазақстан Еуразиядағы көлік-логистика торабындағы орнын нығайту үшін халықаралық дәліздерді дамытып, тасымалды цифрландыруға басымдық беріп келеді. Көлік министрлігінің...

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА: РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ

Қазақстанда жасыл экономикаға көшу қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтып, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Бұл ретте қалдықтарды...