
Қазақстанда жасыл экономикаға көшу қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтып, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Бұл ретте қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту маңызды.
Ведмостваның 2026 жылғы 6 қарашадағы мәліметінше, елде қалдықтарды басқару саласында жалпы құны 350 млрд теңге болатын 67 инфрақұрылымыдық жоба іске асырылуда. Оның 41-і қайта өңдеу қуаттарын дамытуға, 15-і сұрыптау инфрақұрылымына, 11-і арнайы техника сатып алуға арналған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 4 қыркүйекте қалдықтарды өңдеу есебінен тұйық циклды экономика қалыптастыруды тапсырды. Жасыл экономиканы дамыту қайталама шикізатты шаруашылық айналымға қосып, табиғатқа түсетін салмақты төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл экологиялық қауіпсіздік пен мерзімді экономикалық өсімнің маңызды шарты.





