Ясминаның алтыны жарамсыз деп танылды

Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы алтыны аяқ киімге байланысты жойылды.

Қазақстандық 21 жастағы спортшы Ясмина Тоқсанбаева марафондық спорттық жүрістен 42,195 шақырымдық қашықтықта бірінші болып мәреге жеткен. Ол ең жақын қарсыласы – Қытай спортшысын шамамен төрт минутқа басып озған еді.

Алайда жарыстан кейін Ясминаның нәтижесі жойылды. Себебі, ұйымдастырушылар Ясминаның аяқ киіміне қатысты шағым түсірген. Кроссовкасының табаны рұқсат етілген мөлшерден 4 миллиметрге қалың болған дегенді алға тартқан. Тексерістен кейін ереже бұзылғаны расталған.

Спортшының айтуынша, Қазақстан өкілдері чемпиондық нәтижені сақтап қалуға тырысқанымен, нәтиже бермеген.

Осылайша Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті спортшыны қорғай алмады.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайда спортшыдан гөрі оның бапкерлері мен команданың жауапкершілігіне қатысты сұрақ туындайтынын жазып жатыр.

Еще больше интересного

Алматыда Республика күніне орай 880 орындық үш жаңа мемлекеттік...

23 қазан, Республика күні қарсаңында Алматының Наурызбай ауданында жалпы сыйымдылығы 880 орын болатын үш мемлекеттік балабақша ашылды....

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихындағы рөліне тоқталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан азаматтардың...

Қазақстан армиясы реформаланады: әскерге шақырылушылар алты ай оқып, алты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, әскери реформа жоспарын қарады. Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық...