Тоқаев Қорғаныс министріне әскери қызмет қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады. Кездесуде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын арттыру мәселелері талқыланды.

Президент әскери қызметшілердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев сарбаздардың өмірі мен денсаулығын сақтау барлық деңгейдегі әскери басшылықтың негізгі басымдығы болуы керектігін атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы әскери басқару жүйесін жетілдіру, кәсіби даярлықтың сапасын арттыру және әскери инфрақұрылымды дамыту жөнінде тапсырмалар берді. Қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғырту, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу қажеттігі де айтылды.

Президент әскердегі тәрбие жұмысына да баса мән берді. Оның айтуынша, әскери қызметшілердің бойында жауапкершілік, тәртіп және Отанға адалдық қасиеттерін қалыптастыру бағытындағы жұмысты күшейту қажет.

Бұдан бөлек, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдау мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігіне Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға және әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты міндеттер жүктелді.

Еще больше интересного

Қазақстанда педагогтерге арналған бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды

Қазақстанның білім жүйесінде педагог мәртебесін көтеру және ұстаздарымыздың құқықтарын қорғау бағытында нақты қадам жасалды. Елімізде ұстаздарға арналған...

Сот FlyArystan-ның әрекетін заңсыз деп таныды

Сот Сауда және интеграция министрлігінің FlyArystan компаниясына берген нұсқамасын заңды деп таныды. Тексеру барысында әуе компаниясының ішкі ережелерінен...

 «ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КРЕДИТТЕУГЕ БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУЫ КЕРЕК»

https://youtu.be/q4wl6Ud4f1k «Бұл жөнінде де ұдайы айтып жүрміз. Әлбетте, оңай шаруа емес. Өйткені банктер – жекеменшік. Осы ретте кредитті шаруаларға...