Ясминаның алтыны жарамсыз деп танылды

Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы алтыны аяқ киімге байланысты жойылды.

Қазақстандық 21 жастағы спортшы Ясмина Тоқсанбаева марафондық спорттық жүрістен 42,195 шақырымдық қашықтықта бірінші болып мәреге жеткен. Ол ең жақын қарсыласы – Қытай спортшысын шамамен төрт минутқа басып озған еді.

Алайда жарыстан кейін Ясминаның нәтижесі жойылды. Себебі, ұйымдастырушылар Ясминаның аяқ киіміне қатысты шағым түсірген. Кроссовкасының табаны рұқсат етілген мөлшерден 4 миллиметрге қалың болған дегенді алға тартқан. Тексерістен кейін ереже бұзылғаны расталған.

Спортшының айтуынша, Қазақстан өкілдері чемпиондық нәтижені сақтап қалуға тырысқанымен, нәтиже бермеген.

Осылайша Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті спортшыны қорғай алмады.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайда спортшыдан гөрі оның бапкерлері мен команданың жауапкершілігіне қатысты сұрақ туындайтынын жазып жатыр.

Еще больше интересного

Тоқаев Қорғаныс министріне әскери қызмет қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады. Кездесуде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және Қарулы Күштердің...

ФЕЙК: Ескі видео Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға телінді

Әлеуметтік желіде әскери қызметшілердің қазасына қатысты тағы бір манипуляциялық видео тарады. Кадрда қайтыс болған адамның «денесін» көлікпен...

Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит басталды

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит жүргізуді бастады. Тексеру мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі мақсатты...