Қазақстан мен Қытай АЭС қауіпсіздігі мәселесін талқылады

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қытай Халық Республикасы Экология және қоршаған орта министрінің орынбасары, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық басқарманың (NNSA) басшысы Дун Баотунмен кездесті.

Кездесу барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, ядролық және радиациялық қауіпсіздік бағытындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ халықаралық стандарттар мен АЭХА ұсынымдарына сәйкес келетін мемлекеттік реттеудің заманауи жүйесін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыда іске асыруға, екі елдің реттеуші органдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, лицензиялау және реттеу саласында тәжірибе алмасуға, атом электр станцияларын салу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, кадрлар даярлау мен сараптамалық әлеуетті дамытуға ерекше назар аударылды.
Тараптар атом саласындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға және атом энергиясын қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.

Еще больше интересного

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жер бедері күрделі учаскелердегі жүргінші бағыттары көріктендірілді. Жер бедерінің ерекшелігі...

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық...

Мемлекеттік қызметтер интернетсіз де қолжетімді болады

Қазақстанда цифрлық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Енді азаматтың ұялы байланыс шотында қаражаты болмаса да, маңызды электронды...