Ұлттық қордан тағы 5 трлн теңге алынады

Қазақстан үкіметі 2027–2029 жылдары Ұлттық қордан бюджетке аударылатын қаражат көлемін ұлғайтты. Қосымша алынатын қаражат 5 трлн теңгені құрайды.

Бұл туралы 25 тамызда Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қосымша қаражат әлеуметтік, коммуналдық, энергетикалық және көлік инфрақұрылымы нысандарын қаржыландыруға бағытталады.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин трансферттердің көлемін нақтылады. 2027 жылы нысаналы трансферт – 2 трлн теңге, 2028 және 2029 жылдары – 1,5 трлн теңгеден болады.

Сонымен қатар осы жылдары кепілдендірілген трансферттер де қарастырылған: 2027 және 2028 жылдары – 2,43 трлн теңгеден, 2029 жылы – 2 трлн теңге.

Осылайша, үш жыл ішінде Ұлттық қордан мемлекеттік бюджетке 11,86 трлн теңге аудару жоспарланып отыр. Оның 5 трлн теңгесі – нысаналы трансферттер.

Сүлейменов Үкіметті қаражатты ең маңызды жобаларға бағыттап, оларды іске асыруға отандық компанияларды барынша тартуға шақырды. Сондай-ақ қаржының жұмсалуын, соның ішінде цифрлық теңге арқылы бақылауды күшейтуді ұсынды.

Ұлттық банк басшысының бағалауынша, бұл инвестициялардың тиімділігін арттырып, олардың инфляцияға әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бір жыл бұрын Үкіметтің жоспары мүлде басқа болған. 2025 жылғы тамызда билік 2026–2028 жылдары Ұлттық қордан нысаналы трансферттерден бас тартып, тек кепілдендірілген трансферттермен шектелуді жоспарлаған еді.

Еще больше интересного

«Бұл – ұят. Бұл – саботаж»: Тоқаев жол сапасына...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жолдардың жағдайын өткір сынға алып, мәселені жылдар бойы шеше алмаған немесе шешуге ниет...

Балалар құқығы: Қазақстан БҰҰ алдында атқарылған жұмысты таныстырды

Женевада БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 101-сессиясында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін орындауы жөніндегі...

Өрт сөндіру кезінде командир қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіру бөлімінің взвод командирі қаза тапты. Оқиға 3-і қыркүйекте Жәнібек...