Ұлы даланың қылаңбоз тұлпары-Ақжан

Астанада туған Ақжан атты сирек түсті ақалтеке байтал әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды. Ғанатлы мен Табыс есімді таза қанды ақалтекелерден туған жылқы ерекше қылаңбоз түсімен көпшіліктің назарын аударып отыр.

Мамандардың айтуынша, мұндай түс өте сирек кездеседі. Қазақ дүниетанымында қылаңбоз жылқы ежелден ақжолтайлықтың, береке мен жақсылықтың нышаны саналған.

Мәдениеттанушылар жылқының қазақ тарихы мен мәдениетіндегі орны ерекше екенін айтады. Ботай мәдениетінің археологиялық деректері қазіргі Қазақстан аумағында жылқы алғаш қолға үйретілгенін дәлелдейді. Сондықтан Ақжан тек әсем жануар ғана емес, Ұлы даланың бай мұрасын жалғастырып тұрған ерекше символ ретінде бағаланып отыр.

Желі қолданушылары Ақжанның суреттерін кеңінен бөлісіп, оны Астананың жаңа бейресми символы деп атап жатыр.

Еще больше интересного

Экс-министр көпке ұзамай жаңа қызметіне кірісті.

https://www.tiktok.com/@pikirmedia.kz/video/7711638565511400705?is_from_webapp=1&sender_device=pc&web_id=7589234703795848716 «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Нағаспаев Ерсайын Қайырғазыұлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды ,-...

Ауыс-түйіс.Ақордадан жеткен жаңалық.

https://www.tiktok.com/@pikirmedia.kz/video/7711631391267523861?is_from_webapp=1&sender_device=pc Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды. Указом Главы государства Нагаспаев Ерсайын Каиргазиевич...

Қазақстанда жаңа мұнай-газ кен орындарын игеру басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады.Ақорданың хабарлауынша, Асхат Хасенов ұлттық компанияның...