Баланың өмір жолын туғаннан 18 жасқа дейін қамтитын цифрлық модуль іске қосылады

Қазақстанда инклюзивті білім беру мен балалардың құқықтарын қорғау бағытында бірқатар маңызды заңнамалық өзгерістер қабылданды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова pikirmedia.kz редакциясына берген сұқбатында айтты. Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары көптеген заңдарға инклюзияға қатысты нормалар енгізілген. Атап айтқанда, балаларды ерте диагностикалау, ерте қолдау көрсету тетіктері заң жүзінде бекітілді.

Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі ортақ цифрлық модуль әзірлеп жатыр. Жоба іске қосылған жағдайда, баланың туған сәтінен бастап 18 жасқа дейінгі даму және қолдау маршруты бір жүйеде көрініп тұрады.
«Бұл жүйе баланың түрлі мемлекеттік қызметтер арасында “адасып” қалмауына мүмкіндік береді. Қазір осы цифрлық модульге қатысты қажетті нормалар қабылданды», – деді депутат.

Сондай-ақ, жеке түзету және коррекциялық орталықтардың саны артып келе жатқанын атап өткен ол, олардың қызмет сапасын бақылау қажеттігіне тоқталды.

«Мұндай орталықтар балаларға көмектесіп жатыр, олар қажет. Бірақ көрсетілетін қызметтің сапасы да бақылауда болуы тиіс. Сондықтан 2027–2028 жылдардан бастап оларды лицензиялау тетіктері енгізіледі», – деді Смолякова.

Депутаттың айтуынша, 2025 жылы қабылданған құқық бұзушылықтың алдын алу туралы заң аясында еліміздің барлық өңірінде Баланың құқықтарын қорғау басқармалары құрылып жатыр. Бұл басқармалар тәуекел тобындағы балаларды ерте анықтап, келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізеді.

«Басқармалар балалармен, олардың отбасымен және ортасымен кешенді жұмыс істейді. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтың, суицидтің алдын алу және балалардың қауіпті ортаға тап болуына жол бермеу. Бұл – бала қауіпсіздігін күшейтуге арналған маңызды заңнамалық бастама», – деді ол.

Соның ішінде Алматы қаласындағы жағдайға тоқталсақ. Сенат депутаты Жанна Асанова Алматы қаласында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жүйелі жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Білім беру және денсаулық сақтау салаларында жұмыс жақсы жолға қойылған. Отбасын қолдау орталықтары мен мектептер балаларды қорғау бағытында тиімді қызмет атқарып келеді. Бұған өзім бірнеше рет көз жеткіздім», – деді депутат.

Сонымен қатар, ол бала тәрбиесінде отбасының рөлі ерекше екенін айтты.
«Ата-аналар балаларына көбірек көңіл бөлуі керек. Себебі баланың тәрбиесіне ең үлкен ықпал ететін – отбасы. Мектеп те, қоғам да ата-ананың орнын баса алмайды. Үйде қолайлы психологиялық ахуал қалыптасуы өте маңызды», – деді Асанова.

Оның пікірінше, бүгінде балалар арасындағы суицид қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұған түрлі факторлар әсер етеді, соның ішінде әлеуметтік желілердің кері ықпалы да бар.

«Қазіргі балалардың психикасы өте осал. Сондықтан бұл мәселеге мемлекет болып ерекше назар аударып, тұрақты бақылауда ұстауымыз қажет», – деп түйіндеді Жанна Асанова.

Бүгінде Алматы қаласында 131 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 20 мемлекеттік ұйым , 3 инновациялық шығармашылық орталығы, 7 оқушылар үйі, 8 музыкалық мектебі, 1 өнер мектебі бар. Сондай-ақ, 111 жекеменшік ұйым мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жұмысын жүргізіп жатыр.

Еще больше интересного

Екі партия қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауында 71.80% дауыс жинап, көштің басында тұр. “Ауыл” партиясы 6,4, % Respublica партиясы 5,40%,...

Бағдат Мусин Құрылтай сайлауында дауыс берді

“Қазақтелеком” АҚ басшысы Бағдат Мусин бүгін Құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында технология мен цифрландыру саласындағы...

Астана мен Қосшыда дауыс беру процесі қалай өтуде? Халықаралық...

Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз...