Әскери оқу-жаттығудағы қаза: бес лауазымды тұлға ұсталды

Фото: Полиция таратқан видеодан алынды

Каспийдегі «Хазар Қорғаны – 2026» оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты бес лауазымды тұлға ұсталды.

Күдіктілер қатарында Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының штаб бастығы – бірінші орынбасары, екі әскери бөлім командирі, теңіз жаяу әскерлері ротасының командирі және «Қайсар» катерінің командирі бар.

Оларға қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу, ауыр зардаптарға әкеп соқтырды деген күдік келтіріліп отыр. Барлығы Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу мәліметінше, 24 қыркүйекте Ақтаудан 43 шақырым жерде әскери қызметшілерді катерден түсіру кезінде ауа райының қолайсыздығынан сарбаздарды теңіз ағысы алып кеткен.

Қазір тергеу барысында оқу-жаттығуды ұйымдастыру кезіндегі шешімдер, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, гидрометеорологиялық жағдай, катердің техникалық жай-күйі және жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеті тексеріліп жатыр.

Істің барысы ІІМ мен Бас прокуратураның ерекше бақылауында.

Еще больше интересного

Депутат жастарды есірткі бизнесінен қорғау үшін студенттерге тегін тамақ...

Қазақстанда колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін базалық әлеуметтік қолдау пакетімен қамтамасыз ету ұсынылды. Бұл жастарды қылмысқа...

Шот бұғатталса, өмір сүруге ақша қалуы керек

«Ауыл» партиясы фракциясы Ұлттық банкке депутаттық сауал жолдап, банк шоттарына шектеу қойылған азаматтардың өмір сүруіне қажетті қаражатын...

Астанада автотұрақта бес көлік өртенді

Астанада тұрғын үй кешенінің маңындағы ашық автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі...