Өрт сөндіру кезінде командир қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіру бөлімінің взвод командирі қаза тапты.

Оқиға 3-і қыркүйекте Жәнібек ауданында, «Татран» қыстауының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, өртті сөндіру кезінде өрт сөндіру көлігі қызметкерді басып кеткен. Ер адам ауыр жарақат алып, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан көз жұмған.

Куәгерлердің сөзінше, өрт орнындағы қою түтін салдарынан көріну мүмкіндігі өте төмен болған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт сөндіру көлігі артқа қарай қозғалған кезде жүргізуші түтін арасынан әріптесін байқамай қалған.

БҚО ТЖ департаменті қаза болған қызметкердің отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетіп, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға жәрдемдескен.

Ведомствоның мәліметінше, оқиғаға қатысты барлық материал Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне берілген.

Видео: Алтай Бактыгалиев

Еще больше интересного

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихындағы рөліне тоқталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан азаматтардың...

Қазақстан армиясы реформаланады: әскерге шақырылушылар алты ай оқып, алты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, әскери реформа жоспарын қарады. Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық...

Астанада есірткі қосылған 238 печенье тәркіленді

Астанада интернет-дүкен арқылы есірткі сатты деген күдікпен 30 жастан асқан бес ер адам ұсталды. Тінту кезінде олардан...