Аида Балаева Ә. Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейіндегі жаңғыртудан өткен «Арт-зертхана» көркемсурет студиясымен танысты

Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде жаңғыртылған «Арт-зертхана» музейлік көркемсурет студиясы таныстырылды. Мұнда жыл сайын 3 мыңға жуық бала мен ересек шығармашылықпен айналыса алады.

Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Ә. Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің директоры Гүлайым Жұмабекова, еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлері, шеберлер мен музейлік көркемсурет студиясының шәкірттері қатысты.
«Арт-зертхана» – музей педагогикасы аясында 2007 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан Ұлттық өнер музейінің шығармашылық-білім беру жобасы. Оның басты мақсаты – балалардың, жасөспірімдердің, жастар мен ересектердің бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттырып, шығармашылық әлеуетін ашу.

Кәсіби суретші-педагогтердің жетекшілігімен академиялық сурет, кескіндеме, композиция, графика, сәндік-қолданбалы өнер және шығармашылық ізденістің түрлі бағыттары бойынша сабақтар өткізіледі. Жоба жүзеге асырылған уақыттан бері студияда 10 мыңнан астам бала мен жасөспірім білім алды.
Сонымен қатар студия ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған шығармашылық бағдарламаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, инклюзивті музейлік білім беру қағидаттарын дамытуға үлес қосып келеді.

Жаңғыртылған жобаның таныстырылымында Аида Балаева өнерді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету, жастарды шығармашылыққа баулу және олардың қабілетін ашуға қолайлы жағдай жасау мәдениет саясатының маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы мәдениет саласына айрықша көңіл бөліп келеді. Саланы қолдауға бағытталған жүйелі мемлекеттік саясаттың арқасында бүгінде нақты нәтижелерге қол жеткіздік. 2025 жылы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі мен Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне, ал 2026 жылы Ұлттық музейге «Ұлттық» мәртебесі берілді. Сонымен қатар Президенттің тапсырмасы бойынша былтыр «Самұрық-Қазына» қоры Қастеев музейінде ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізді.

«Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағының тағайындалуы да маңызды шешімнің бірі болды. Бұл отандық бейнелеу өнерінің қоғамдағы орнына берілген жоғары баға әрі өз ісіне адалдықпен қызмет етіп келе жатқан суретшілердің көпжылдық еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мәдениет саласының барша өкілдерінің және жеке өзімнің атымнан Мемлекет басшысына салаға көрсетіп келе жатқан тұрақты қолдауы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Премьер-министрдің орынбасары.

«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен жүзеге асырылған жоба аясында музейдің шығармашылық кеңістігі жаңғыртылды. Аумағы 110 шаршы метрден асатын зертхана кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалы өнер сабақтарын өткізуге арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар студияда шығармашылық жұмыстарды таныстыруға арналған, заманауи фотоаппаратурамен жабдықталған арнайы фотокеңістік құрылды. Бұл шәкірттерге өз туындыларын кәсіби деңгейде таныстырып, шығармашылық жетістіктерін цифрлық кеңістікте кеңінен көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда 5 пен 17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған шеберлік сабақтары, шығармашылық практикумдар және табиғат аясындағы сурет салу сабақтары өткізіледі.

«Арт-зертхана» жас дарындар бас қосатын шығармашылық ортаға айналып, олардың дамуына және тың ізденістеріне жаңа мүмкіндіктер береді деп сенемін. «Самұрық-Қазына» үшін мәдениетті қолдау – ұлттық мұрамызды сақтауға және заманауи мәдени ортаны дамытуға қосылған үлес», – деді Нұрлан Жақыпов.

Айта кетейік, студия шығармашылық қабілеті жоғары балалар мен жастарды қолдауға, олардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына ерекше көңіл бөледі. Дарынды шәкірттерді жоғары және орта арнаулы көркемөнер оқу орындарына түсуге даярлап, шығармашылық әлеуетінің дамуына және болашақ суретші ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Іс-шара аясында қонақтарға музейдің цифрлық порталы да таныстырылды. Жаңғыртылған порталдың қолданысы барынша ыңғайлы әрі инклюзивті бола түсті. Енді келушілер музей коллекциясы мен көрмелерін онлайн тамашалай алады. Ал 3D-тур кез келген жерден музей кеңістігіне виртуалды саяхат жасап, экспозициялармен танысуға мүмкіндік береді.

Еще больше интересного

«Алматыға қол созым жер қалды»: Меңдібай ағаАлматы облысына жетті

«Құрылтайға жол» бағытының басым бөлігі арттақалды. Таңсәріде Меңдібай аға мен оның жассеріктері Ақсүйек ауылынан сапарын жалғастырып, шамамен 130 шақырымды еңсеріп, Айдарлыға жетті. Команда Жамбыл облысының шекарасынан өтіп, Алматыға апарар жолдың мәрелік бөлігіне шықты. Көптен күткен шекара Шежіренің жаңа шығарылымы таңсәріден басталды. Ақсүйекті артта қалдырған команда Айдарлы ауылынабет алды. Бұл жол бөлігі қатысушылар үшін ерекше маңыздыболды. Шамамен 130 шақырымды жүріп өткен оларЖамбыл облысының аумағындағы сапарын аяқтап, Алматы облысына жетті. Енді ультрамарафонныңсоңғы нүктесіне дейін аз ғана жол қалды. Мәреге жақындау Меңдібай ағаның көңіл күйінайтарлықтай көтерді. Бойына жиналған шаршауғақарамастан, ол бар күш-жігерін жинап, бастаған ісінаяқтауға ниетті екенін растады. «Жолдың қиындығы да, қуанышты сәттері де қатаржүреді. Сол қуаныштың бірі – ақыры Алматы облысынажеткеніміз. Ал бұл жерден Алматыға қол созым ғанақалды. Жасыратыны жоқ, қатты шаршадық. Бірақбастаған ісімізді соңына дейін жеткізуге бекініпотырмыз», – деді марафоншы. Соңғы шақырымдар көп күшті талап етеді Меңдібай аға мен оның командасы АстанаданАлматыға дейінгі жолдың басым бөлігін арттақалдырды. Күнделікті ауыр жүктеме, аптап ыстық пен жүріп өткен жүздеген шақырым өз әсерін тигізбейқоймады. Алайда Алматының жақындығы марафоншыға жаңакүш берді. Бұл шығарылымда оның жігерленіп, жолдысоңына дейін жүріп өтуге нық бекінгені байқалады. Дене шаршағанымен, сапардың басында қабылдағаншешімі өзгерген жоқ. Видеороликтен кадр Әрбір жаңа шақырым команданы Алматыға ғана емес, «Құрылтайға жол» бастамасының мәресіне де жақындата түседі. Меңдібай аға бұл әрекеті арқылы ел үшін маңызды оқиғалар әр азаматтың жеке қатысуынталап ететінін қазақстандықтардың есіне салғысыкеледі. Шәкірттері тәлімгеріне тірек болды Бағыттың күрделі бөліктерінде жас серіктері Меңдібайағаны қолдауға тырысады. Тәлімгерінің кейде қиналыпкеле жатқанын көрген жігіттер жүктің бір бөлігін өзмойнына алады. Видеороликтен кадр Видеороликтен кадр Шәкірттерінің бірі алға шығып, жүріс қарқынынбелгілесе, екіншісі жанында қалып, жігерлендіріп, күшінүнемдеуге көмектеседі. Олардың қолдауыныңарқасында команда ең қиын сәттердің өзіндеқозғалысын жалғастырып келеді. Видеороликтен кадр Бұл жол ұрпақтардың бір-біріне қолдау көрсетуініңүлгісіне айналды. Меңдібай аға жас жігіттерментәжірибесін бөлісіп, оларға жеке үлгінің күшін көрсетіпкеледі. Ал шәкірттері өз кезегінде тәлімгеріне бастағанісін соңына дейін жеткізуге көмектесуде. Айдарлыдағы жылы жүздесу Айдарлыға дейінгі жолда команда жергіліктітұрғындармен жылы жүздесті. Жұрт Меңдібай ағанытанып, команданы қарсы алып, қатысушыларғаАлматыға аман-есен жетуді тіледі. Ауылға жақындаған кезде марафоншыны жергіліктібалалар қоршап алды. Тұрғындар қатысушыларғақарбыз ұсынып, естелікке бірге суретке түсті. Кейіноларға арнап дастарқан жайды. Видеороликтен кадр Видеороликтен кадр Айдарлыда команда тынығып, күш жинау үшінаялдады. Шаршаған жолаушылар үшін мұндай кездесудемалып алуға мүмкіндік қана емес, бүкіл жол бойыоларды түрлі адамдар қолдап келе жатқанының тағыбір дәлелі болды. Қазақстандықтар бағытты бақылап, қолдаубілдіруде Әлеуметтік желілерде де қолдау толастаған жоқ. Меңдібай ағаның жарияланымдарының астына оныңспорт саласындағы әріптестері мен еліміздің әрөңірінің тұрғындары пікір қалдырып жатыр. Қазақстандықтар марафоншыға зор денсаулық, соңғышақырымдарды еңсеруге күш-қуат жәнеультрамарафонды сәтті аяқтауын тілейді. Команда мақсатына жетуге шақ қалғанымен, жолдың әрбір жаңабөлігі барған сайын қиындай түскен қазіргі сәттемұндай қолдау сөздері айрықша маңызға ие. Марафоншының жеке парақшасынан алынған сурет(Instagram⁠) (https://www.instagram.com/p/DcQitgUoN26/) Осылайша бір адамның жеке бастамасы біртіндепкөптеген жанашыр жанның басын қосты. Бірікоманданы елді мекендерде қарсы алса, енді біріжолда көмектесіп, тағы бірі жылы лебізімен қолдаубілдіруде. Алматыға аз ғана жол қалды Айдарлыда тынығып алғаннан кейін Меңдібай аға мен оның шәкірттері сапарын қайта жалғастырады. Алдабағыттың соңғы бөлігі мен Алматыдағы көптен күткенмәре қалды. «Құрылтайға жол» бастамасы мәресіне жақындапкеледі. Алайда оның негізгі мәні жүріп өткенқашықтықпен ғана шектелмейді. Меңдібай аға бұлсапары арқылы елдің ортақ жолы әр адамның шешімімен іс-әрекетінен құралатынын еске салады. 23 тамызда қазақстандықтар жаңа Құрылтайдепутаттарының алғашқы сайлауына қатысады. Меңдібай аға Алматыға дейінгі соңғы шақырымдардыеңсеріп жатқанда, азаматтарға өз қадамын жасап, сайлау учаскелеріне барып, өз ұстанымын білдіруқалады. Жолдың басым бөлігі артта қалды. Команда Алматы облысына жетіп, мәреге жақындай түсті. Ал Меңдібайағаның мақсаты берік: жаңа Құрылтайға бастар жолсоңына дейін жүріп өтіледі.

21 тамызда Астанада «Болашақ бейнесі: нәтижеден – жаңа стратегияға»...

Форумға мемлекеттік органдардың, ұлттық талдау орталықтарының басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылық және академиялық қауымдастықтар қатысты. Форум соңғы жылдардағы...

10 адам қаза тапты

https://youtube.com/shorts/oa-NgZZhdm0 Қытайдың оңтүстік-батысында бірнеше күн бойы жауған нөсер жаңбыр ауыр зардаптарға әкелді. Су тасқыны мен лай көшкінінен үйлер...