АҚШ-тың қосымша кедендік баж енгізу туралы шешіміне байланысты ҚР Сауда және интеграция министрлігінің түсіндірмесі

2026 жылдың 23 шілдесінде АҚШ 1974 жылғы Сауда туралы заңның 301-бөлімі аясында жүргізілген тергеу қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылдады.

2026 жылдың 24 шілдесінен бастап Қазақстанда өндірілген жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде қосымша кедендік баж енгізіледі. Бұл шара АҚШ Сауда өкілдігі бекіткен ерекше тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларға қолданылмайды.

Бұған дейін қолданылып келген 10% мөлшеріндегі уақытша импорттық үстеме белгіленген 150 күндік мерзімнің аяқталуына байланысты өз күшін жойды. Осыған байланысты бұрынғы үстеме жаңа кедендік бажға қосылмайды.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің есептеулеріне сәйкес, Қазақстанның АҚШ-қа экспортталатын өнімдерінің шамамен 95%-ына қосымша кедендік баж бұрынғыдай қолданылмайды.

Еще больше интересного

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстан Ұлттық банкі ақша-кредит саясатын жұмсарту туралы кезекті шешім қабылдады. 24 шілдеден бастап базалық мөлшерлеме жылдық 17%-дан...

БАЛАЛАР КОНТЕНТІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы балалардың медиакеңістіктегі белсенділігін бұрын–соңды болмаған деңгейге жеткізді. Бүгінде балалар тек ақпаратты тұтынушы ғана...

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ- АДАМИ КАПИТАЛҒА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл бағыттағы...