БАЛАЛАР КОНТЕНТІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы балалардың медиакеңістіктегі белсенділігін бұрын–соңды болмаған деңгейге жеткізді. Бүгінде балалар тек ақпаратты тұтынушы ғана емес, цифрлық ортада білім алып, шығармашылықпен айналысып, өз ойын еркін жеткізетін жаңа буынға айналды. Сондықтан сапалы, қауіпсіз әрі ұлттық құндылықтарға негізделген балалар контентін дамыту Қазақстанның мемлекеттік ақпараттық саясатының маңызды бағыттарының біріне айналып отыр.

Мемлекеттік саясаттың басымдылығы 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтыңтапсырмасымен қабылданған “Қазақстан балалары” 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ұлттық мәдениетті дәріптейтін сапалы контент өндірісін арттыруға және цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға ерекше басымдық береді. Құжатта балаларға арналған танымдық, тәрбиелік және ағартушылық медиаконтенттің үлесін көбейту, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздікті күшейту, сондай-ақ мемлекеттік және жеке меншік медианың осы бағыттағы жауапкершілігін арттыру көзделген.

Қазақстандағы балалар аудиториясы артып келеді

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 6,9 миллионға жуық бала бар. Бұл   ел халқының шамамен 34пайызы. Демек, әрбір үшінші қазақстандық – бала. Бұл көрсеткіш балаларға арналған сапалы ақпараттық өнімдердің маңызын арттыра түседі. Ал 2025–2026 оқу жылында еліміздегі мектептерде 3,9 миллионнан астам оқушы білім алды. Мұндай ауқымды аудитория балаларға арналған білім беру, ғылыми-танымдық, тарихи, мәдени және патриоттық контентке сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.

Ұлттық құндылық пен цифрлық қауіпсіздік қатар жүруі тиіс

Қазіргі таңда балалардың интернетті пайдалану белсенділігі жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі – олардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Балалар контенті – жай ғана ойын-сауық емес. Ол жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыратын, шығармашылығын дамытатын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін маңызды құрал.

Еще больше интересного

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстан Ұлттық банкі ақша-кредит саясатын жұмсарту туралы кезекті шешім қабылдады. 24 шілдеден бастап базалық мөлшерлеме жылдық 17%-дан...

АҚШ-тың қосымша кедендік баж енгізу туралы шешіміне байланысты ҚР...

2026 жылдың 23 шілдесінде АҚШ 1974 жылғы Сауда туралы заңның 301-бөлімі аясында жүргізілген тергеу қорытындысы бойынша түпкілікті...

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ- АДАМИ КАПИТАЛҒА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл бағыттағы...