БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ- АДАМИ КАПИТАЛҒА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл бағыттағы жұмыстар ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және білім беру ұйымдарының бірлескен бағдарламалары арқылы жүзеге асырылуда.

Қосымша біліммен қамту көрсеткіші өсіп келеді

2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 3,5 миллион бала, яғни мектеп жасындағы балалардың 90 пайызы қосымша біліммен қамтылған. ​Бұл көрсеткіш 2024 жылы 86,3 пайыз болса, бір жыл ішінде айтарлықтай артқан.

Сонымен қатар:

— 2,2 миллионнан астам оқушы тегін шығармашылық үйірмелер мен спорт секциясына қатысады;

— Еліміз бойынша 2 мыңнан астам қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді;

— Балаларға арналған 380 бағыттағы үйірме мен секциялар қолжетімді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылуда.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше:

2025 жылы балаларды қосымша біліммен қамту 3,2 миллионнан 3,5 миллион балаға дейін ұлғайды. Олардың 62 пайызы тегін үйірмеге қатысады. Бұл бағытта 2142мектептен тыс ұйым жұмыс істейді. 

2025 жылдың қорытындысы бойынша:

— Ауылдық жерлерде 1000 комьюнити-орталық құру жобасы аяқталды;

— Соңғы үш жылда 1251 комьюнити-орталық ашылып, 4200-ден астам балаға қосымша мүмкіндік жасалды;

— 600 мыңнан астам бала қосымша білім беруваучерлерін пайдаланды. Бұл пилоттық жобаАстана, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облыстарында іске асырылуда.

Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау – дарынды балаларды анықтап қана қоймай, олардың қабілетін дамытуға, халықаралық деңгейде ел намысын қорғауғажәне болашақта бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.

Еще больше интересного

Алматының жас сарапшылары жаңа буынның құндылықтарын талқылады

Алматыда қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің «Талдау мектебі. Алматы» білім беру жобасының қатысушыларымен кездесуі өтті. Narxoz Business...

Пусанда ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясы өз жұмысын бастады

19 шілдеде Корея Республикасының Пусан қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясы өз жұмысын бастады. Сессия 29 шілдеге...

Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл

Елімізде архив ісінің дамуына айрықша көңіл бөлініп келеді. Тарихи құжаттарды сақтау, қалпына келтіру және цифрлық форматқа көшіру...