«Ақ жол» Құрылтайға 63 кандидат ұсынды

Бүгін Астанада «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды Съезі өтті. Съезге партия басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, өңірлік партия конференцияларында өкілдік нормаларына сәйкес сайланған 200-ден астам делегат, депутаттар, жастар қанатының өкілдері және кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелері қатысты.

Съезд аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының Құрылтай сайлауына қатысуына қатысу мәселелері қаралды.

«Ақ жол» демократиялық партиясының «Өзгерістер қажет» атты сайлауалды бағдарламасының таныстырылымы съездің басты тақырыбына айналды. Құжатты таныстырған партия төрағасы Дания Еспаева Халықтық Конституция Қазақстан дамуының жаңа дәуірін бастап бергенін, сол себепті, бүгінгі таңда елге тек саяси өзгерістер ғана емес, тұрақты экономикалық өсімді, әділ бәсекелестікті, тиімді мемлекеттік басқару мен азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін нақты шешімдер қажет екенін айтты.

Оның айтуынша, бағдарлама партияның көпжылдық бастамаларын біріктіріп, елдің болашақ дамуына қатысты кешенді көзқарасты ұсынады. Атап айтқанда, онда тәуелсіздік пен ұлттық мүддені қорғаудан бастап, парламентаризмді нығайту, кәсіпкерлікті қолдау, жемқорлықпен күрес, адами капиталды, заманауи технологиялар мен еркін нарықтық экономиканы дамытуға дейінгі басым бағыттар қамтылған.

Сайлауалды бағдарлама таныстырылымы талқылауға ұласып, бірқатар партия өкілдері сөз сөйледі:

Қазыбек Иса – Партия төрағасының орынбасары;
Юрий Ли – Астана қалалық партия кеңесінің мүшесі;
Берік Дүйсембинов – Мәслихаттармен жұмыс жөніндегі партия Саяси кеңесінің хатшысы;
Олжас Нұралдинов – Партия Саяси кеңесінің мүшесі;
Мейраш Шынасылова – Партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы;
Бекнұр Бисенов – Маңғыстау облыстық партия кеңесінің мүшесі;
Ермек Әбілдин – Партияның Қарағанды облыстық филиалының төрағасы;
Ақманат Төлегенова – Қызылорда облыстық партия кеңесінің мүшесі;
Әлібек Исин – Партияның Ұлытау облыстық филиалының төрағасы;
Раушан Жәлімбетова – Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты;
Бақтыбек Бибаев – Атырау облысындағы «Texol» компаниялар тобының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры;
Ғани Хамзин – Партия Саяси кеңесінің мүшесі;
Дәурен Ахметжаев – Жамбыл облыстық партия кеңесінің мүшесі;
Ермек Егінбаев – Партияның Жетісу облыстық филиалының төрағасы;
Рамазан Жампиисов – Астана қалалық партия кеңесінің мүшесі;
Марал Елубаева – «П.М. Поспелов атындағы Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Педиатрия мектебінің деканы;
Анатолий Калинкин – Семей қалалық мәслихатының депутаты;
Бек-Мұхамед Жаукебаев – Партияның Жастар кеңесінің мүшесі.

Талқылау барысында делегаттар бағдарламаны одан әрі жүзеге асыруға қатысты бірқатар ұсыныстар енгізіп, оның негізгі басымдықтарын бірауыздан қолдайтындарын білдірді. Талқылау қорытындысы бойынша съезд «Өзгерістер қажет» атты «Ақ жол» демократиялық партиясының саяси бағдарламасын бекітті.

Съезд, сондай-ақ, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін де бекітті. Оған еліміздің барлық өңірлеріндегі отандық кәсіпкерліктің, сарапшылар қауымдастығы мен қоғамдық қызметтің түрлі салаларының өкілдерінен құралған 63 кандидат енгізілді.

Еще больше интересного

Астана күніндегі Open Air концерттеріне 100 мыңнан астам адам...

Астана күніне орай елордада өткен ауқымды Open Air концерттеріне 100 мыңнан астам тұрғын мен қала қонағы қатысты. Мерекелік...

Астана күні қарсаңында үздік отбасылар марапатталды

Астана күні қарсаңында ҚР Ұлттық музейінде «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында өткен «Біздің жүрегіміздегі Астана» бейнероликтер...

Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

Астанадағы республикалық Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады. Жаңа атау...