БАЛАЛАР КОНТЕНТІ: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ПЕН САПАЛЫ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ

Балаларға арналған сапалы контент қалыптастыру – өскелең ұрпақтың дүниетанмын, тілдік ортасын және ұлттық құндылықтарға деген көзқарасын дамытудың маңызды құралы. Қазіргі цифрлық дәуірде балалар мультфильм, анимация, әлеуметтік желі мен бейнеплатформалар арқылы ақпаратты ерте қабылдайды. Сондықтан оларадың жас ерекшелігіне сай, танымдық  әрі тәрбиелік мәні бар отандық өнімдерді көбейту мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттарының  біріне айналып отыр.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда  6,9 миллион бала тұрады. Бұл ел халқының 34 пайызын құрайды. Осыған байланысты 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан  балалары» тұжырымдамасы қабылданып, балалардың қауіпсіздігі, сапалы білім алуы, денсаулығы және әлеуметтік қорғалуы бойынша 158 іс-шара мен 10 негізгі индикатор белгіленді.

Баллар контентінің маңызды бағыттарының бірі – кітап оқу мәдениетін дамыту. Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегінше, елімізде 272 балалар кітапханасы жұмыс істейді. Олардың қорында 7 миллионнан астам кітап бар. Ал 2026 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған 42 мың дана кітап шығару жоспарланған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында қазақ тіліндегі ұлттық анимацияны дамыту қажеттігін атап өтті. Президент: «Қазақ тілінде ұлттық нақышта  түсірілген  мультфильмдер көп болуы қажет», – деді. Сонымен қатар цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік те назардан тыс қалмауы тиіс. Мемлекет балаларға арналған контентті сүзгіден өткізу және интернеттегі зиянды ақпараттан қорғау шараларын күшейтуді көздеп отыр.

Демек, балалар контентін дамыту – тек ойын-сауық өнімдерін көбейту емес. Бұл – мемлекеттік тілді насихаттау, ұлттық тарих пен мәдениетті таныту және саналы ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды инвестиция.

Еще больше интересного

Боқаев «ҚазТрансГаздан» кеткен соң компания ақшасын игеруге қалай араласты

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевтың ісі бойынша қаржылық және кадрлық құжаттарды зерттеу жалғасып жатыр. Кезекті...

Ипотеканың бастапқы жарнасы 10 пайыз бола ма?

Қазақстанда баспана алуды жеңілдететін жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленіп жатыр. Енді үйдің бастапқы жарнасына пәтер құнының 10 пайызы...

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТІ КҮШЕЮДЕ

Қазақстан Еуразиядағы көлік-логистика торабындағы орнын нығайту үшін халықаралық дәліздерді дамытып, тасымалды цифрландыруға басымдық беріп келеді. Көлік министрлігінің...