
Жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы, әлеуметтік жобаларға бастамашы болуы және волонтерлік қозғалысты дамытуы – мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі. Қазақстанда 2026 жылы жастардың әлеуетін іске асыруға және азаматтық белсенділігін арттыруға арналған қолдау шаралары жалғасуда.
Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев жастарды ел дамуының маңызды қозғаушы күші ретінде қарастырады. Президенттің бастамасымен 2026 жыл БҰҰ тарапынан тұрақты даму жолындағы халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында қоғамдық жобалар мен бастамаларға 200 мыңнан астам волонтер қатысқан. Ал елдегі волонтерлік ұйымдардың саны 810-ға жетіп, бастамашыл топтар 3,5 мыңды құраған.
Жастардың жеке жобаларын жүзеге асыруына «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты да мүмкіндік береді. 2026 жылы осы бағдарлама аясында ғылым, мәдениет, ақпараттық технологияла, бизнес, медиа және волонтерлік бағыттары бойынша әрқайсысы 3 миллион теңгелік 30 грант қарастырылған. Бұл көрсеткіштер жастар белсенділігінің артып келе жатқанын аңғартады. Басты міндет – олардың идеяларын нақты әлеуметтік нәтижеге айналдыруға жағдай жасау. Себебі бастамашыл жастардың белсенділігі – азаматтық қоғамның дамуы мен ел болашағына қосылған маңызды үлес.





