
Халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарудан бас тарту, экологиялық тұрақтылық пен мемлекеттер арасында ынтымақтастықты нағайту – Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі. 2026 жылы еліміз осы мәселелер бойынша халықаралық диалогты дамытуға және жаһандық бастамаларды ілгерілетуге белсенді атсалысып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 20 ақпанда Вашингтондаөткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында: «Әлемде мұндай бастама көтерілген жоқ. Расында, бұл бұрын-соңды болмаған бетбұрыс», – деп атап өтті. Президент «Жасампаздық арқылы бейбітшілік» тұжырымдамасын жүзеге асыруға мүмкіндік бар екенін айтты. Бұл Қазақстанның халықаралық мәселелерді келіссөздер мен бірлескен іс-қимыл арқылы шешуді қолдайтынын көрсетеді.
Еліміздің бітімгерлік қызметке қосқан үлесі де нақты нәтижелермен өлшенеді. Қорғаныс министрлігінің 2026 жылғы 29 мамырдағы мәліметіне сәйкес, 2014 жылдан бері 900-ден астам қазақстандық әскери қызметші БҰҰмиссияларында қызмет атқарған. Қазіргі уақытта 154 отандасымыз БҰҰ-ның 11 миссиясының жетеуіне қатысып жүр.
Қазақстанның тағы бір маңызды бастамасы – ядролық қарусыз әлем құру. 2026 жылы Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толды. Полигон жұмыс істеген кезеңде 450-ден астам ядролық сынақ өткізілген. Бұл тарихи тәжірибе Қазақстанның ядролық қауіпсіздік жолындағы шешіміне негіз болды.
Экологиялық дипломатия да биылғы басым бағыттардың бірі болды. 2026 жылғы 22–24 сәуірде Астанада Президент бастамасымен Өңірлік экологиялық саммит өтті. Оған БҰҰ-ның 18 агенттігі қатысып, 25 сессия мен 5 семинар ұйымдастырылды. Саммит аясында Орталық Азия мемлекеттерінің экологиялық ынтымақтастығы жөніндегі бірлескен декларация және 2026–2030 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы ұсынылды.
Осы бастамалар Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлін айқындайды. Бейбітшілікті сақтау, ядролық қауіпсіздікті нығайту және ортақ экологиялық мәселелерді шешу – бір мемлекеттің ғана емес, бүкіл адамзаттың ортақ міндеті. Қазақстанның жаһандық бастамалары осы мақсатта бағытталған.





