Бектенов: Бай отбасылар мемлекеттік жәрдемақы алмауы керек

2027 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік көмек азаматтардың табысы мен мұқтаждық деңгейіне қарай тағайындалады. Бұл туралы 14 қазанда Құрылтайдың пленарлық отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

Үкімет басшысының айтуынша, өз отбасын қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар ауқатты азаматтар мемлекет көмегіне сүйенбеуі керек. Ал бюджет қаражаты шын мәнінде қолдауға мұқтаж адамдарға бағытталуы тиіс.

Бектенов әлеуметтік көмектің мақсаты азаматтарды тұрақты түрде жәрдемақыға тәуелді ету емес, қиын жағдайдан шығуға, жұмыс табуға және өз күнін өзі көруге көмектесу екенін атап өтті.

Үкіметтің есебінше, реформаның нәтижесінде 2027 жылы бюджет шығыны шамамен 700 миллиард теңгеге қысқаруы мүмкін. Ал үш жылдағы үнем 2,5 триллион теңгеге жуықтайды.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде отбасының әл-ауқатын бағалайтын 59 көрсеткіш ескерілмек.

Еще больше интересного

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Қазақстан 2027 жылы триллиондаған теңгені қайда жұмсайды?

Қазақстанның 2027 жылғы республикалық бюджет шығыны 30,2 триллион теңге болады. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға, өңірлерді дамытуға,...