Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Роман Скляр Атырау облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты.

Жиында Президенттің Атырау облысының әкімі қызметіне екі кандидат – KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов пен облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов ұсынылды.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 101 депутаттың 83-і Болат Ақшолақовты, 18-і Дарын Шамұратовты қолдады. Осыдан кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.

Облыс активімен кездесуде Олжас Бектенов бұрынғы әкім Серік Шәпкеновке өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, жаңа әкімді таныстырды.

Премьер-министр Президенттің жаңа Конституция аясында өңір басшылығына жүктеген негізгі міндеттерін атап өтті. Олардың қатарында экологиялық жағдайды жақсарту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, жол-көлік жүйесін дамыту, өңір экономикасын өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT және креативті индустрия арқылы әртараптандыру, инвестиция тарту, заңсыз құрылыстың алдын алу және «Заң мен тәртіп» пен «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыру бар.

Сондай-ақ өңірдегі арнайы экономикалық аймақтың әлеуетін тиімді пайдалану, инженерлік желілерді жаңарту және қоршаған ортаға зиянды шығарындыларды азайту бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Еще больше интересного

ЖАСТАР – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ КҮШІ

Қазақстанда жастар саясаты әлеуметтік қолдау шараларымен ғана шектелмейді. Бүгінде ол адами капиталды дамытуға, білім мен жұмыспен қамтуға, кәсіпкерлікті...

Президент Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын аумақ...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ақмола облысындағы әйгілі Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие болады. Ол...

ЕЛДЕГІ ҰЛТАРАЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ: АЗАМАТТАРДЫҢ 94%-Ы ҚОҒАМДЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ОҢ БАҒАЛАЙДЫ

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтында “Конституциялық реформа және ұлтаралық тұрақтылықтың институциялық кепілдіктері” тақырыбында сараптамалық кездесу өтті. Іс-шараға қоғам...