ЕЛДЕГІ ҰЛТАРАЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ: АЗАМАТТАРДЫҢ 94%-Ы ҚОҒАМДЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ОҢ БАҒАЛАЙДЫ

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтында “Конституциялық реформа және ұлтаралық тұрақтылықтың институциялық кепілдіктері” тақырыбында сараптамалық кездесу өтті. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, ғалым және сарапшылар қатысты.

Кездесу барысында 2026 жылдың I тоқсаны бойынша “Елдегі ұлтаралық ахуал мониторингі” әлеуметтік зерттеу нәтижелері таныстырылды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, елдегі ұлтаралық қатынастар тұрақты деңгейде сақталып отыр. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 94%-ы қоғамдық жағдайды оң бағалаған.

Сарапшылар қоғамдағы демографиялық өсім, азаматтық бірегейліктің нығаюы, цифрландыру үдерісі және жаңа буынның белсенділігінің артуы саяси жүйенің дамуына ықпал етіп отырғанын атап өтті.

Жиында жаңа Конституция қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың негізгі кепілі ретінде қарастырылды. Қатысушылардың пікірінше, Ата Заң мемлекет пен қоғам арасындағы мүдделер теңгерімін қамтамасыз ететін басты құқықтық негіз болып қала береді. Сондай-ақ кездесуде жаңадан құрылған Қазақстан халық кеңесінің қызметіне ерекше назар аударылды. Сарапшылардың айтуынша,кеңес азаматтардың қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нығайтуға ықпал етеді.

Кездесу қорытындысында Қазақстан халық кеңесі түрлі әлеуметтік топтардың пікірін ескеретін, олардың мүдделерін қорғауға мүмкіндік беретін ашық диалог алаңы әрі мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты күшейтетін маңызды институт ретіне бағаланды.

Еще больше интересного

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

https://youtu.be/Gqp-xAWrzK4

Тоқаев ең төменгі жалақыны 100 мың теңгеге дейін көтеруді...

Мемлекет басшысы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 100 мың теңгеге дейін арттыруды...

Зеленский Украина армиясын қысқартуды және бейтарап мәртебесін талқылаудан бас...

Украина президенті Владимир Зеленский Киев қарулы күштердің санын қысқарту және елдің бейтарап мәртебесін белгілеу мәселелерін талқылауға келіспейтінін...