Еңбекке – кепілдік қажет

Қазақстан экономикасы шын мәнінде шахталарда, мұнай кеніштерінде, егістікте және құрылыс алаңдарында еңбек ететін адамдардың күшімен дамып жатыр десек өтірік емес. Алайда дәл осы еңбек адамдарының құқықтары жиі бұзылып, түрлі жағдайлардың орын алатыны анық. Мұны ресми статистика да растайды.Жалпыұлттық социал демократиялықпартиясы ЖСДП осы еңбек адамдарыныңқұқығын қорғап олардың әлеуметтікмәселелерін көтеруді көздейді. 

2025 жылы Мемлекеттік еңбек инспекциясыкомитетіне еңбек адамдарынан 51 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Негізгі мәселелер – жалақының кешіктірілуі, еңбек шартының жасалмауы, үстеме жұмыстарға ақының төленбеуі және жұмыстан заңсыз шығару жағдайлары турасында болған. Ал  2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыс берушілердің қызметкерлер алдындағы жалақы қарызы 719 миллион теңгеден асып түскен. Құзырлы орындардың араласуымен барлығы 21,9 мыңнан астам азаматтың еңбек құқығы қорғалған екен. Бұлжағдайда ЖСДП-да үлкен жұмыс атқарғанын баса айтқан абзал. 

Ал бұл мәселе тұрғысынан өңірлердегі жағдай да мәз емес. Әсіресе ірі зауыттар мен шахталарда еңбек дауы жиі тіркелетіні анық. Мысалы  Маңғыстау облысында 2022 жылдан бергі болған ереуілдердің басым бөлігі еңбек жағдайымен жалақыға байланысты тіркелсе, Қарағанды облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар халықты дүр сілкіндіргені рас. Мұның барлығы дерлік еңбек жағдайының ойдағыдай болмай тұрғанын көрсетеді. Ал ауылдық жерлерде жұмыстың тапшылығы айтпаса да түсінікті. 

Мемлекет осы жағдайларды ескеріп, еңбекқатынастарын реттеу бағытында нақты қадамдаржасай бастады. ЖСДП-ның IIIV шақырылымында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қабырғасында ЖСДП депутаттары да бірнеше рет депутаттық сауал жолдып, мәселенің мәніне үңілді. Енді 2026 жылғы 7 сәуірден бастап жұмысберушілерге еңбек шартын азаматтық-құқықтықкелісімшартпен алмастыруға тыйым салынды. Бұған дейін кейбір жұмыс берушілер осы тәсілді пайдаланып, қызметкерлерді еңбек заңнамасында көзделген әлеуметтік кепілдіктерден, ақылы еңбек демалысынан, еңбекке жарамсыздық төлемдерінен және басқа да құқықтарын шектеп келді. Енді 2026 жылғы 12 наурыздан бастап еңбек заңнамасын бұзған жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікарқалайды. Бұл – еңбек құқықтарын қорғау жолындағы маңызды өзгерістер. 

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ЖСДП еңбек адамының құқықтарын барынша нақты қорғауды, олардың йлеуметтік жағдайларын оңалтуды ұсынады. Ол үшін Халықаралық еңбек ұйымының негізгі конвенцияларын ратификациялау, еңбек заңнамасын жетілдіру, кәсіподақтардың өкілеттігін кеңейту, ең төменгі жалақы мен күнкөріс деңгейін өмір сүру құнына сай есептеу және тұрақты индекстеу қажет деп есептейді. Ең маңыздысы зейнет жасын кезең-кезеңімен төмендетіп, жинақтаушы зейнетақы жүйесін ашық әрі тиімді етуді маңызды санайды. 

Елдің тірегі – еңбек адамы. Сондықтан оның еңбегі лайықты бағаланып, құқықтары заңмен ғана емес, іс жүзінде де қорғалуы тиіс.

Таңдаймыз! Бақылаймыз! Талап етеміз!

Тапсырыс беруші: ЖСДП төрағасы А. Н. Рахимжанов. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Республикалыққоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатыесебінен төленді.

Еще больше интересного

Алматыдағы қызмет көрсету саласының жас өкілдері құрдастарын белсенді азаматтық...

Алматыда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау қарсаңындағы ақпараттық науқанға қызмет көрсету және қалалық сервистер саласында еңбек ететін...

Нұрай ісі: Ш.Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істі қарап, үкім...

Башқұртстанда Wildberries нысанында өрт шықты

13 тамызда Башқұртстандағы Wildberries компаниясының логистикалық нысаны орналасқан өндірістік аумақта өрт шықты. Компанияның мәліметінше, өрт әуе шабуылынан...