31 жастағы Альмира Бекеева 24 қыркүйекте төртемді дүниеге әкелді. Төртеуі де ұл. Сәбилердің есімдері – Арлан, Арсылан, Әлихан және Әмірхан.
10 қарашада анасы төрт нәрестесімен перзентханадан шықты. Үйде оларды тағы үш баласы күтіп отыр. Енді отбасында жеті бала бар.
Дәрігерлердің айтуынша, төртемнің дүниеге келуі өте сирек кездеседі. Мұндай жағдай 600–700 мың босанудың бірінде ғана болады.





