«Жұмыс жоқ» деген сөз болмауы керек: Бектенов еңбек нарығындағы жағдайға қатысты қатаң пікір білдірді

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаевпен елдегі жұмыспен қамту және еңбек нарығындағы ахуалды талқылады.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері жұмыс берушілер электронды еңбек биржасына 845 мың бос жұмыс орнын орналастырған. Оның 432 мыңы – жұмысшы мамандықтар.

Портал арқылы азаматтардың 70 пайызына дейін жұмысқа орналасады. Алайда бос орындардың шамамен 30–40 пайызына маман табу қиын. Осыған байланысты кәсіпорындар жыл сайын еңбек тапшылығын жабу үшін 300 мыңға жуық шетелдік маманды тартуға мәжбүр.

Елде миллионға жуық бос жұмыс орны бар екенін естіген Премьер-министр әр азаматтың жұмыс табуына мүмкіндік бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, кадр тапшылығы сыртқы еңбек миграциясы есебінен толықтырылып отыр.

Ол бұл ақпаратты халыққа кеңінен түсіндіруді тапсырды.

«Мұны халыққа түсіндіру керек! Елде “жұмыс жоқ” деген сөз болмауы тиіс. Ондай жоқ», – деді Олжас Бектенов.

Еще больше интересного

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихындағы рөліне тоқталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан азаматтардың...

Қазақстан армиясы реформаланады: әскерге шақырылушылар алты ай оқып, алты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, әскери реформа жоспарын қарады. Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық...

Астанада есірткі қосылған 238 печенье тәркіленді

Астанада интернет-дүкен арқылы есірткі сатты деген күдікпен 30 жастан асқан бес ер адам ұсталды. Тінту кезінде олардан...